Арыстан зообақ қызметкерін талап өлтірді

Арыстан зообақ қызметкерін талап өлтірді
фото: https://pixabay.com/ru/

Хайуанаттар бағының қызметкері қорғаныс қақпасын ашық қалдырып, тамақтандыруға кіріскен.

Нигерияның Огун штатындағы Абеокута қаласында арыстан келушілердің көзінше зообақ қызметкерін талап тастады.

Хайуанаттар бағы басшылығының айтуынша, 35 жастағы Бабаджи Дауле арыстандардың кәсіби жаттықтырушысы болған. Сенбі күні кешке саябақ жабылғаннан кейін ол қонақтарға ішкі қоршауда арыстанды тамақтандыру процесін көрсетуге келіскен.

Арыстанмен бірге қоршауға кірген Дәуле оны жыртқыш жануардан бөліп тұрған қауіпсіздік қақпасын жаппаған. Жыртқыш қызметкердің үстінен секіріп, тамағын орып, санаулы минуттарда өлтіріп тастаған.

"Хайуанаттар бағының қызметкері қорғаныс қақпасын ашық қалдырып, тамақтандыруға кіріскен. Дененің одан әрі бөлшектенуіне жол бермеу үшін арыстанды дереу саябақ қызметкерлері ұйықтатты. Қызметкер саябақтағы стандартты тамақтандыру процедурасын толығымен бұзғанын атап өткен жөн", – деді хайуанаттар бағының әкімшілігі.

 ҚазАқпарат