фото: pixabay.com
Алматыда 1 миллион теңгеден астам қарызы бар азамат өз өзін өртеді. Қалалық полиция экипажы оның өмірін сақтап қалды.
Алматы қаласы Полиция департаменті мәліметіне сәйкес, бұл оқиға 1 қазан күні Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы айыппұл тұрағы аумағында болған. 33 жастағы ер адам алдымен көлігін, сосын өзін өртеп жіберген.
«Сағат 13:10-да мамандандырылған патрульдік полиция батальонының экипажы «Субару» көлігін тоқтатты. Оның иесінде 1 млн 300 мың теңге көлемінде төленбеген айыппұлы бар. Тексеру кезінде жүргізушінің міндетті сақтандыру полисі болмаған. Белгіленген ережелерге сәйкес, көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Біраз уақыттан кейін жүргізуші онда қайтып келіп, көлік пен өзіне бензин шашып, жағып жіберді. Полиция қызметкерлері ер адамды құтқарып алды. Жүргізуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Көлікті сөндіруге полиция қызметкерлері мен оқиғаның куәгерлері қатысты», - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Алматы полициясы күшейтілген режимге көшкен.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через