Адыраспанның айыппұлы – 5 млн теңге

Адыраспанның айыппұлы  – 5 млн теңге
фото: https://diapazon.kz/

Ол көршілес елде есірткі болып есептеледі.

Енді Ресейге адыраспан тасымалдаған қазақстандықтар 20 жылға сотталады.

Ресейлік заң қорғаушылардың айтуынша, елімізде емдік өсімдік саналатын адыраспанның құрамында гармин атты галлюциногенді зат бар.

Енді адыраспанды алып шекарадан өткендерге 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Қылмыскер адыраспанды аса ірі мөлшерде тасымалдау кезінде ұсталса, 5 млн теңгеге дейін айыппұл арқалайды. Сондай-ақ 8 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал.

ҚазАқпарат