фото: https://reis.zr.ru/news/
Жүкті шамадан артық тиеген ауыр көліктерді бақылау.
ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы Алтай Әлі шамадан артық жүк тиеген ауыр көліктерді жолдарда тіркеу жүйесіне қатысты түсінік берді.
«Биыл елімізде автомобиль жолдарын жөндеу және салу бойынша жұмыстардың рекордтық саны жүріп жатыр, бұл шамамен 12 мың шақырым. Жол құрылысымен қатар, оның сақталуын қамтамасыз ету міндеті тұр. Жолдардың бұзылуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі – рұқсат етілген салмақтан асыра тиеп, ауыр жүк автокөліктерін жолға шығару. 95 мың км жолдағы көліктік бақылау 47 жылжымалы бекет күшімен жүзеге асырылады, яғни 1 бекетке 2 мың км-ға дейін келеді. Сондықтан барлық жолды бақылаумен, тек жылжымалы бекеттердің күшімен толық қамту іс жүзінде мүмкін емес. Осыған байланысты көліктік бақылау саласында цифрландыру енгізіліп жатыр, онда тексеру процесінде адами фактор алынып тасталады», — деді Алтай Әлі Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, тиісті заң аясында республикалық маңызы бар автожолдарда автоматтандырылған өлшеу станцияларын (АӨС) орнату құзыреті «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ға, ал жергілікті автожолдарда жергілікті атқарушы оргадарға жатқызылған. Бұл тұрғыда жергілікті атқарушы органдар 150 АӨС орнатуға дайын.
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ республикалық жолдарда шамамен 70 АӨС орнатуды жоспарлап отыр.
https://kaz.caravan.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через