фото: https://bilim-all.kz
Жеті саны не үшін киелКез келген қазақ бала жастан жеті санын “қасиетті” деген ұғыммен өседі. Бірақ неге екенін анық білетіндер сирек. Анығында, оны ешкім саралап керексініп жатпайды. Негізгі мәнін түсінбеген соң құр әдет, көбінесе жай қайталаау болып шығады. “Жеті” – былай қарасаң, “алты” мен “сегіздің” арасындағы тақ сан. Енді осы тақ санымыз сандық мағынамен бірге белгілі бір сөз тіркесінде келіп, алуан түрлі ұғым-түсініктерге ие болып, кең түрде қолданыс тапқан. Мысалы, “жеті ырыс”, “жеті байлық”, “жеті ата”, “жет қат жер”, “жет қат көк”, “жеті жұт”, “жеті жоқ”... Айта берсе, тілімізде, салт-дәстүрімізде, мақал-мәтелдерде, дінімізде, ертегі-аңыздарда “жетімен” байланысты сөздер толып жатыр. Әрқайсысы жеке мағына береді. Неге басқа сандармен емес, неге жетімен құптасып жиі айтылады? “Жетілік ұғымды” қазақ қана қолданып қоймай, дүниежүзі қазақтары неге қасиеттейді? Өйткені “жеті” жаратылыс-болмыстың нақты санынан шыққан, сондықтан киелі. Есте жоқ ескі дәуірден бері дүниені тігінен алып, үшке бөледі. Жоғары әлем –аспан, ортаңғы әлем – жер, төменгі әлем – жер асты. Ал көлденеңінен – шығыс, батыс, терістік, түстік, оқулықтардың тілімен айтсақ, күншығыс, күнбатыс, солтүстік, оңтүстік деп бөледі. “Төрт құбыла” дегеніміз – осы. Міне, осы тігінен – үш, көлденеңінен төрттің қосындысынан “жеті ғалам” шығады. Бұл “дүниежүзі”, “бүкіл әлем” дегенді білдіреді. Тұтас әлем жаратылысы жеті санымен бірігіп тұрғандықтан осылай қасиеттейді. Осыған орай өзге де “жетілік ұғымдар” пайда болған.
Зейнеп Ахметованың “Жетілік ұғым” кітабынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через