Жарма өндірісі 28 пайызға артты

Жарма өндірісі 28 пайызға артты
фото: https://pixabay.com/ru/

Жарма экспорты 14,2% азайды, биыл алғашқы алты айда 55,3 мың тонна өнім шетелге жіберілген

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында елімізде күрішті қоса алғанда 145,9 мың тонна жарма өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,4% артық, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Осы кезеңде жарма импорты 27,5% қысқарып, 2023 жылғы қаңтар-маусымдағы 20,8 мың тоннамен салыстырғанда 15 мың тоннаны құрады. Жалпы ресурстардағы импортталған өнімнің үлесі - 9,4%.

"Сондай-ақ жарма экспорты 14,2% азайды, биыл алғашқы алты айда 55,3 мың тонна өнім шетелге жіберілсе, 2023 жылғы қаңтар-маусымда экспорт көлемі 64,5 мың тонна болған", -деп жазылған хабарламада.

2024 жылдың алғашқы алты айында ішкі нарықта саудаланған жарма көлемі 105,6 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 51,2% артық.

ҚазАқпарат