Тыңайтқыш өндіретін жаңа зауыт салынады

Тыңайтқыш өндіретін жаңа зауыт салынады
фото: СС0 / klimkin

"ҚазАзот" АҚ өндірісті кеңейтіп, тыңайтқыш өндіретін жаңа зауытты іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

"2012 жылдан бері біз өндірісті жаңғыртуға, экологиялық құрамдас бөлігін жақсартуға $350 млн-ға жуық инвестиция салдық. Сондай-ақ геологиялық барлау жұмыстарына және одан әрі терең өңдеу үшін жаңа көмірсутектерді іздеуге үлкен қаржы жұмсалды", — деп атап өтті "ҚазАзот" АҚ бас директоры Арман Мәулешев.

Оның айтуынша компания тыңайтқыш өндіретін жаңа зауыт салуға кірісті. Қазір мердігер таңдалып жатыр.

Жаңа зауыт қосымша 500 мың тонна аммиак селитрасын шығарады. Өнімнің қосымша түрі – карбамид алу жоспарлануда. Бұл сонымен қатар бүкіл әлемде кеңінен қолданылатын азотты тыңайтқыш.

ҚазАқпарат