«Сапалы Қазақстан» сапалы байқауды қолдайды

«Сапалы Қазақстан» сапалы байқауды қолдайды
фото: Алтын қалам байқауы

Биыл  «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің құрылғанына 15 жыл толып отыр. Осы айтулы датаға орай үш жылдық үзілістен кейін танымал конкурс жаңа маусымын жариялады.  

Аталған әдеби байқауды «Сапалы Қазақстан» порталы қолдау көрсетіп отыр. 

Байқауға қазақ тілінде жазылған жұмыстар қарашаның 20-не  дейін қабылданады. Оқырмандар қараша айының 20-на дейін дауыс бере алады. Осы уақыт аралығында «Сапалы Қазақстан» порталынан конкурс жайлы мәліметтермен таныса аласыздар. Конкурсқа қатысты бейнематериалдар порталдың standardkz ютуб арнасында орналдастырылады. 

"Сапалы Қазақстан" ақпараттық-сараптама порталының Бас редакторы, белгілі ғалым, Қазақстандық сапа және инновациялық менеджмент ұйымының президенті Азат Әбдірахманұлы "Алтын қалам" әдеби байқауына жылы лебізін білдіріп еді. 

 

Қосымша ақпарат бере кетсек, сайысқа түскен барлық шығарма www.aqalam.kz  сайтында орналастырылады.

Оқырмандар төмендегі аталымдар бойынша дауыс береді: 

1. Жылдың үздік балалар шығармасы

2. Жылдың үздік поэзиясы

3. Жылдың үздік прозасы

4. Жылдың үздік сатирасы

5. Жылдың үздік фантастика және детектив шығармасы

6. Жылдың үздік киносценарийі және драматургиясы

  Алғашқы кезеңде шығармалар www.aqalam.kz веб-сайтында іріктеледі. Оқырмандар өзіне ұнаған жұмысқа дауыс бере алады.