фото: CC0 / roegger /
4 жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетілді
Қызылордадағы мектептердің бірінде оқушы бұрыш баллонын шашқан, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Оқиға 23 қыркүйекте болған.
"Ювеналды полиция қызметкерлері оқушыларды эвакуациялап, 4 жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі", - дейді ведомство.
Анықталған жасөспірімнің заңды өкілдері және оқитын оқу орнының қызметкерлері шақыртылып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через