фото: Видеодан скриншот
Алматыда желіде балалардың суретін жариялап, алаяқтық жолмен қомақты қаржы жинаған азамат ұсталды.
Полиция мәліметінше, халықтан алаяқтық жолмен 32 миллион теңгеден астам қаржы жинаған Шымкент қаласының тұрғыны. Ол Талғар ауданындағы балалардың еміне қаражат жинауға көмек көрсету сылтауымен Instagram әлеуметтік желісінде парақша ашқан.
"Алаяқ желіде онкологиялық аурумен ауыратын балалардың суреттерін пайдаланып, жалған банк картасының деректерін орналастырғаны анықталды. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде күдікті, яғни Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Қазір 32 миллион теңгеден астам сомаға бастапқы шотқа 6 мыңға жуық ақша аударымы жасалғаны анықталды", – делінген хабарламада.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через