Қазақстанда бес мыңға жуық дәрігер жетіспейді

Қазақстанда бес мыңға жуық дәрігер жетіспейді
фото: https://www.istockphoto.com/

Қазақстанда бес мыңға жуық дәрігер жетіспейді

Елде 5 мыңға жуық дәрігер жетіспейді. Ауылдық жерде 1 мыңнан, қалада 3 мыңнан астам орын бос тұр. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі мәлім етті. Тимур Сұлтанғазиев айтуынша, педиатрлар, кардиологтар, психиатрлар және реабилитологтар жетіспейді. Сонымен қатар терапевтер, рентгенологтар, анестезиолог-реаниматологтар, хирургтар және акушер-гинекологтарға сұраныс артқан. Айта кету керек, елімізде медициналық ұйымдарында түрлі бейіндегі 81 мың дәрігерлер еңбек етеді. Олардың жалпы саны 271 мыңнан асады. 

Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі:

- Дәрігерлердің тапшылығын шешу маңызды мәселе. Мұның шешімі табылады деп ойлаймын. Медицина мамандарының санын көбейту, олардың еңбек жағдайын жақсарту әсіресе шалғай және ауылдық елді мекендердегі еңбекті ынталандыру шараларын қабылдауымыз керек.

https://24.kz/kz/