Қазақстан құрамасы әлем чемпиондарын ұтып, ширек финалға шықты

Қазақстан құрамасы әлем чемпиондарын ұтып, ширек финалға шықты
фото: https://www.google.com/url elordainfo.kz

       Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстандағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты.

       Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстандағы әлем чемпионатының плей-офф кезеңі аясында Португалия құрамасына қарсы ойнап, 2:1  есебімен жеңіске жетті. Осылайша Қазақстан құрамасы өз жолында әлем чемпиондары болған Португалия құрамасын жарыстан шығарып, әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Қазақстан құрамасының сапында Шыңғыс Есенаманов есеп ашса, матчтың соңғы секундтарында Дәурен Тұрсағұлов жеңіс голын соқты. 

       Айта кетейік, Ташкентегі әлем чемпионаты 6 қазанға дейін жалғасады. Қазақстанның қарсыласы енді анықталады.

       https://stan.kz/