Пойыз тамбурында сарбазды ұрып-соққан: күдіктілер ұсталды

Пойыз тамбурында сарбазды ұрып-соққан: күдіктілер ұсталды
фото: https://pixabay.com/ru/

Олардың әрекетіне, соның ішінде бейнетүсірілім жасаған адамға да құқықтық баға беріледі

Полиция Ұлттық ұланның бұрынғы әскери қызметшісін ұрып-соқты деген күдікпен екі адамды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

"Қылмыстық іс шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде Ұлттық ұланның мерзімді қызметінің бұрынғы әскери қызметшісін ұрып-соғуға қатысы бар адамдардың орналасқан жерлері анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Жәбірленушіге дене жарақатын келтірген екі күдікті, яғни оның бұрынғы қызметтестері тұрғылықты жері бойынша бір тәулік ішінде Астана қаласында ұсталды. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу аясында барлық күдіктіден жауап алынды. Олардың әрекетіне, соның ішінде бейнетүсірілім жасаған адамға да құқықтық баға беріледі.

Тергеу әрекеті жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде пойыз тамбурында Ұлттық ұлан сарбазын ұрып жатқаны жайлы видео тараған болатын. Мемлекет басшысы ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

ҚазАқпарат