фото: Туризм және спорт министрлігі
Парижде XVII Жазғы Паралимпиада ойындарына қатысып жатқан Еркін Ғаббасов Қазақстан құрамасына алғашқы медальды алып келді.
Финалда R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен Еркін Ғаббасов 247.7 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алды.
- Солтүстік Кореяда Париж Олимпиадасының жүлдегерлері шетелдік спортшылармен селфи жасағаны үшін жазаланбақ
- "Несиесін жауып, үйін әперіп қояды": Белгілі спорт журналисі Париж олимпиадасына қатысқан спортшылардың жағдайы алдын-ала жасалғанын айтты
Алтын медальды 249.4 ұпай жинаған Корея спортшысы Парк Дж алды. Ал қола медаль 226 ұпай жинаған Дания елінің спортшысы еншіледі.
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Айта кетейік, бұған дейін Парижде басталып жатқан жазғы Паралимпиада ойындарының бірінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар екі спорт түрінен сынға түсетіні туралы жазған едік.
https://stan.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через