фото: pexels.com/
Қазақстандық мектептерде жаңа сабақ пайда болады, - деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.
"Оқу бағдарламасына буллингке қарсы іс-шаралардың бірі - "Қауіпсіздік сабағы" енгізіліп жатыр. Мұның барлығы отандық білімнің сапасын арттыруға, балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталған", - делінген ведомство хабарламасында.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметі бойынша, 87 мың қазақстандық оқушы оқу жылын жаңа мектептерде қарсы алып жатыр. Жалпы 2024-2025 оқу жылы 536 мың оқушы орнына арналған 302 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Қыркүйек айынан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарға арналған 3,5 мың кеңес беру пункті өз жұмысын бастайды. Колледждерде оқитын 300 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 50 пайызға артқан. 1,7 миллион оқушы мектептерде тегін тамақтанумен қамтылады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через