фото: pexels.com
Оқу орындарындағы тамақтану сапасын арттыру үшін елорда мектептерінде жаңа ас мәзірі бекітілді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқушылардың тамақтану рационын жасауға білікті мамандар атсалысып, ас мәзірі қоректік заттарға бай өнімдермен толықтырылған. Қазіргі таңда Астанада 98 мемлекеттік мектеп бар. Онда 90 мыңнан астам бала білім алады. Оқушылардың 48% ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Фото pexels.com.
Өткен оқу жылында мектептерде тамақтану құны әр балаға 697 теңгені құраса, биыл тамақтану бағасы артқан. 1-4-ші сыныптарда әр балаға 800 теңге, 5-9-шы сыныптарда 964 теңге, 10-11-ші сыныптарда оқитын әр балаға 1090 теңге бөлініп отыр.
Тамақтану рационы да өзгеріп, ас мәзірінде балық, жарма, көкөніс, сүт, нан, сусындардың мөлшері артты.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через