фото: © AFP 2024 / ROSLAN RAHMAN
Заңсыз қызметтен түскен қаржының жалпы айналымы 100 млн теңгеден асады
Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында заңсыз майнерлердің қызметінің жолын кесті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Рудный қаласының аумағында бірқатар адам тиісті лицензиясыз заңсыз майнингпен "Bitcoin" қамтамасыз етілмеген цифрлық активін (криптовалюта) өндірумен айналысқаны анықталды.
Заңсыз "майнерлер" 3 аудан орталығы немесе 27 орта мектеп немесе 13 аурухана тұтынатындай электр энергия көлемін пайдаланған, бұл жергілікті электр желілеріне орасан зор салмақ түсірген.
Тінту нәтижесінде 150-ге жуық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (ASIC), оларды салқындатуға арналған құрылғылар, Wi-Fi роутерлер, ұялы телефондар мен ноутбуктер тәркіленді.
Агенттіктің цифрлық активтермен айналысатын арнайы бөлімшесі заңсыз өндірілген "Bitcoin" түскен криптобиржадағы аккаунттарды анықтады.
Алдын ала есеп бойынша заңсыз қызметтен түскен қаржының жалпы айналымы 100 млн теңгеден асады.
Соттың санкциясымен күдіктінің мүлкіне және криптовалюта аккаунтында сақталған заңсыз өндірілген цифрлық активтеріне тыйым салынды.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через