Көлсай түбінен қанша қоқыс шығарылды

Көлсай түбінен қанша қоқыс шығарылды
фото: https://www.google.com/tengrinews.kz

Желіде Көлсай көлі қалай тазартылғаны көрсетілген видео пайда болды. "Көлсай көлдері" ұлттық саябағының Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында видео жарияланды.  Ақпаратқа сүйенсек, Көлсай көлдеріне тазалық жұмыстарын жүргізу іс-шарасының мониторингі бойынша ұзақтығы 27 сағаттық 24 рет су астына сүңгу жүргізілген. "Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 30 қап тұрмыстық қалдықтар, әйнек және пластик бөтелке, дымқыл (ыдырамайтын) майлықтар, алюминий қалбырлар жиналды. Барлық істелген іс-шара жұмыстары суасты видео түсірілім арқылы дәлелденген", - делінген хабарламада. Tengritravel.kz