Елордада Диснейленд салынады

Елордада Диснейленд салынады
фото: https://pixabay.com/ru/

     Жаңа жоба Шанхай қаласындағыдай Диснейлендке ұқсас болады деп жоспарланып отыр.

     Астанада "Жібек жолы" атауымен жаңа Диснейленд салынады.

     Жоспарға сәйкес, бұл ойын-сауық паркі Шанхайдағы Диснейлендке ұқсас болмақ. Бұл туралы "Астана архитектура" парақшасында ақпарат тарады.

     Жобаның инвестиция көлемі шамамен 10 миллиард долларды құрайды. Осы ауқымды жобаға байланысты елордада келіссөздер жүргізілген.

"Бүгін Астана қаласы әкімдігінің Astana Invest кеңсесінде Басқарма төрағасының орынбасары Орынбек Қуаныш ULKENBAY компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Шанхайдағы Диснейленд үлгісіндегі аттракциондар паркін салу бойынша үлкен жоба талқыланды. "Жібек жолы" деп аталатын бұл кешен Қазақстан мен Қытайдың мәдени ерекшеліктерін үйлестіруді көздейді", – делінген хабарламада.

     Жобаның инвестиция көлемі 10 миллиард доллар шамасында болса, кешеннің жалпы ауданы 400 гектардан асады.

     https://sn.kz/