фото: pixabay.com
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржы ұйымдарының борышын өтеу мерзімін кешіктірген қарыз алушылармен өзара іс-қимылын нақты реттемек. Аагенттіктің тиісті қаулы жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.
Ұлттық банк қаулысына сәйкес, банк қызметкерлері борышкерлерге 08:00-ден 21:00-ге дейін ғана қоңырау қала алады. Агенттік дәл осындай қағиданы микроқаржы ұйымдарына да қолдану қажет деп есептейді.
«Микроқаржы ұйымдары қызметкерлерінің негізсіз қоңыраулары салдарынан қаржылық қызметтерге тұтынушылар тарапынан наразылық тәуекелдерін болдырмау мақсатында жоғарыда аталған шектеулерді микроқаржы ұйымдарына да қолдану қажет деп санаймыз», - делінген қаулы жобасында.
Сонымен құжатқа сәйкес, МҚҰ қызметкері жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейінгі кезеңде қарыз алушының тұрғылықты жері не орналасқан жері, не қарыз алушының тіркелген жері бойынша не ұйымның (филиалдың) үй-жайында аптасына үш реттен артық емес және егер өзге уақыт, кезеңділік және күн (демалыс және (немесе) мереке) қарыз алушымен келісілмеген және шартта көзделген болса, жұмыс күні бір реттен артық емес іс-қимыл жасайды.
Бұл ретте қоңырау шалушы ұйымның атауын; ұйымның орналасқан жерін; өзінің аты-жөні мен лауазымын; шартта көзделген берешектің, негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мерзімі өткен және ағымдағы сомалары қалдығының құрылымдарын айтуы қажет.
Құжат 19 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через