Астанада бір мектептің оқушылары телефоннан бас тартты

Астанада бір мектептің оқушылары телефоннан бас тартты
фото: https://pixabay.com/ru/

Астана қаласындағы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының оқушылары буллингке қарсы тұру мақсатында білім ордасында ұялы телефонды пайдаланудан біржола бас тартты.

Бұл бастаманы мектеп әкімшілігі көтеріп, ата-аналар мен оқушылар бір ауыздан қолдаған.

Екі жылдан бері осы тәртіпті пайдаланып келе жатқан мектепте балалар арасында құқықбұзушылық орын алмаған.

Керісінше, оқушылардың білімге құштарлығы артты, - дейді мектеп басшылығы.

ҚазАқпарат