фото: https://kaz.tengrinews.kz/
Тексеру барысында ұсталған адамның психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды
Астанадағы мешіттердің бірінде белгісіз адам келушілерді пышақпен қорқытқан, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Оқиға туралы ақпарат 102-арнасына түскен. Қаладағы мешіттердің бірінде белгісіз адам келушілерді пышақпен қорқытып жүргенін айтқан.
"Оқиға орнына полиция жасағы дереу келді. 36 жастағы күдікті жедел түрде ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Одан қолдан жасалған пышақ тәркіленді. Тексеру барысында ұсталған адамның 2006 жылдан бастап психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через