фото: hhttps://news.tts.lt
Алматылықтар биылғы күзде суық ерте түскеніне шағымданып жатыр. Қала әкімдігі жылу беру маусымы қашан басталатынын айтты.
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, бес күн бойына мегаполисте орташа тәуліктік температура плюс 8 градус Цельсий және одан төмен тұрақты болған кезде жылумен жабдықтауға кезең-кезеңімен қосылу басталады.
Сондай-ақ, ведомствода жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, Алматы қаласындағы нысандарды кезең-кезеңімен қосу уәкілетті органның қаулысы негізінде басталатынын айтты.
"Тұтынушылар жылумен жабдықтауға келесі ретпен қосылады:
- балалар, емдеу, мектеп мекемелері, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер;
- тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақүйлер;
- әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
- басқа ғимараттар", - деп бөлісті мегаполис әкімдігі.
Жылыту маусымының нақты басталу күні әлі белгіленбеген, ол ауа райы жағдайларына және уәкілетті органның шешіміне байланысты болады.
https://kaz.tengrinews.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через