фото: pixabay.com
2-ші қыркүйекте Алматының тауларында қар жауып, қалада ауа температурасы төмендеді, деп жазды kaz.inform.kz.
Бүгін таңертең мегаполисте өткінші жаңбыр жауып, таулы аймақтарға қар түсті. Әлеуметтік желіде жауған қардың суреті тарап жатыр.
Сонымен қатар «Шымбұлақ» тау-шаңғы базасында да қар жауды. Шаңғы трассалары мен кабельді лифттерді онлайн режимінде трансляциялайтын веб-камералар курорттық аймаққа жауып жатқан қарды көрсетті.
Сондай-ақ «Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 26-сі күнгі күн райы болжамын жариялаған еді.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, циклон және онымен байланысты суық атмосфералық ағындар еліміздің басым бөлігінде ауа райына ықпал етеді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через