фото: https://www.istockphoto.com/
Сенатор Серік Шайдаров депутаттық сауалында ауылдарда өмір сүру сапасының төмендеп бара жатқанын және ауылдардың жойылып кетуіне әкеліп соғатын проблемаларды атады.
Депутат «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына да тоқталды. 2019 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ол ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсартуды көздейді. 2014-2023 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 524 миллиард теңге бөлініп, 1800 ауылда 5 мыңнан астам жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік туды.
Оның пайымынша, бағдарламада тұрақты жұмыс орындарын ашу көрсеткіші жоқ, бұл ауылды дамытудың әлемдік тәжірибесіне қайшы келеді. Мұнда табыс деңгейі мен жұмыссыздық сияқты экономикалық көрсеткіштер басты рөл атқарады.
Сенатор елімізде кейінгі 20 жылда 1404 ауылдың жойылып кеткенін, бұл жағдай ауылдық аймақтарға қатысты мемлекеттік саясатты қайта қарау қажет екенін байқатып отырғанын алға тартты.
«Мемлекеттік қолдаудың қатысуымен бөлінетін барлық несиелерді «Ауыл – ел бесігі» бойынша ауылдық елді мекендерді қаржыландырумен байланыстыру және негізгі индикаторды осы елді мекендердегі салалар бойынша жалпы қосылған құнның жыл сайынғы өсуіне мониторинг жүргізе отырып, жаңа тұрақты жұмыс орындарының ашылуымен айқындау ұсынылды. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, «Неге инфрақұрылымға миллиардтаған сома құйылатын ауылдық елді мекендерде бөлінген несиелер мен бизнес ашу бойынша талдау жоқ?» деген сұрақ туындайды. «Ауыл – ел бесігі» жобасының мақсаты – осы ауылдардағы экономикалық өсу өлшемі арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту. Іс жүзінде бюджет қаржысын әдеттегідей игеру жүріп жатыр, ал тұрақты жұмыс орындары ашылмаса, мемлекет салынған қаржыдан тиісті нәтиже ала алмайды», — деді Серік Шайдаров Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің атына жолдаған сауалында.
Сенатордың ұсынысында ауылды жерлерде экономикалық дамуға және жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашуға баса назар аудара отырып, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына кешенді талдау жүргізу керек енені айтылды.
https://kaz.caravan.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через