фото: https://www.istockphoto.com/
1-қаңтардан бастап Қазақстанда оң рульдік көліктері бар такси жүргізушілеріне жұмыс істеуге тыйым салынады, бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев хабарлады.
Министрдің айтуынша, оң рульдік автокөліктерді такси қызметінде пайдалануға тыйым салынады. 1 қаңтарға дейін Yandex және InDrive өз қызметтерінде оң рульді көліктерді анықтап олардың жұмыс істеуін шектейді.
«2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді тіркемейді. Көлік министрлігі мен осы екі компания арасында тиісті келісімге қол қойылған. Сонымен қатар, бұрын оң рульдік болып, сол жақ рульге ауыстырылған көліктерге де тыйым салынады. Техникалық жағынан олар да қауіпсіз емес, – деді министр.
Сондай-ақ, Қарабаев жуарда талқыланған қашықтыққа байланысты шектеулер енгізілмейтінін айтты:
Бұған дейін 50 км-ге дейінгі жүргізушілер үшін қалааралық қашықтық лимиті бойынша түзетуге келетін болсақ, бұл агрегаторлардың қызметін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы мүшелерінің бірінің ұсынысы ғана болды. Мұндай өзгеріс болмайды» деді Қарабаев
Еске сала кетсек, бұған дейін көлік министрі Марат Қарабаев inDrive платформасының негізін қалаған Арсен Томский кездескен еді. Кездесу барысында министрлік басшысы жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бәсекеге қабілетті нарық құру қажеттігін атап өткен.
Қарабаев таксомоторлық тасымалдарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірлесе жұмыс жүргізу маңызды екенін атап өтіп, жолаушы тасымалдаушылардың мынадай талаптарды орындау қажет екенін айтқан:
Біріншіден, жүргізуші жолға шығар алдында медициналық куәландырудан өтуі керек болады. Сондай-ақ еңбек және демалыс кестесін сақтап, жылдамдық режимін бұзбауы керек. Екіншіден, таксомоторлық тасымалдарға тартылған автокөлік міндетті түрде Қазақстанда тіркеліп, жылына екі рет техникалық байқаудан өтуі тиіс.
Көлік министрлігінің Автокөлік және көліктік бақылау комитеті Toyota Alphard көліктерінің неліктен жиі апатқа түсетін себебін атады. Бұған көліктің техникалық ақауы емес, заңсыз жолаушы тасымалымен айналысып жүрген иелерінің жылдамдықты тым арттыруы және рулі оң жақта болғандықтан, басып озудың қауіптілігі түрткі болып отыр.
https://kz.kursiv.media/kk
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через