фото: pixabay.com
Білім күні қарсаңында елімізде «Үздік педагог» байқауы басталды. Жеңімпаздарға 3 млн 692 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, байқауға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері қатыса алады.
Конкурс үш кезеңнен тұрады:
1 кезең – аудандық, қалалық деңгей (8-21 тамыз);
2 кезең – облыстық деңгей (22 тамыз- 10 қыркүйек);
3 кезең – республикалық деңгей (11 қыркүйек – 18 қазан).
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған педагогтер республикалық деңгейге өтеді. Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурс құжаттарын тапсыру, бағалау uzdikustaz-nobd.edu.kz веб-порталында жүзеге асырылады.
Айта кетейік, «Үздік педагог» атағының иегерлеріне 1000 АЕК көлеміндегі ақшалай сыйақы ғана емес, төсбелгілер де беріледі.
Байқау ережелері туралы қосымша ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің сайтында бар.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через