фото: Фото: Гордон
Үндістанның Мадхья-Прадеште штатында қатты жаңбырдан кейін ғибадатхананың қабырғасы құлап, 10-15 жас аралығындағы 9 бала қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС басылымына сілтеме жасап.
Ресурстың жазуынша, қайғылы оқиға діни рәсім кезінде болған. Балалар тозығы жеткен үйдің жанында орнатылған шатырдың ішінде болды. Қабырғаның құлауы салдарынан 2 бала оқиға орнында қайтыс болса, тағы 7-уі ауруханаға бара жатқан жолда қаза тапты.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, тағы бірнеше бала жарақат алды. Олар аудандық ауруханада ем алып жатыр.
Соңғы апталарда болған толассыз жаңбыр салдарынан Үндістанның әртүрлі аймақтарындағы ғимараттарды, жолдар мен көпірлерді жаппай су басқан.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через