Түркістан облысында мал азығын дайындайтын зауыт салынып жатыр

Түркістан облысында мал азығын дайындайтын зауыт салынып жатыр
фото: © Photo : Қазақстан Президенті баспасөз қызметі

Түркістан облысында мал азығын дайындайтын түйіршіктелген құрама жем өндіру зауытын салуға Nurym Group 2,5 млрд теңге инвестиция салды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Кәсіпорын толығымен автоматтандырылады.

Зауыт жыл сайын жылқы, ірі қара және ұсақ малға 46 мың тоннаға дейін жем-шөп шығарады деп жоспарлануда.

Құрылыс осы жылдың көктемінде басталды және қазіргі уақытта монтаждау жұмыстарының 60% орындалды, жабдықтарды орнату және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Пайдалануға беру 2024 жылдың соңына жоспарланған.

ҚазАқпарат