Теміржол контейнерінен шығу тегі белгісіз дәрі-дәрмек табылды

Теміржол контейнерінен шығу тегі белгісіз дәрі-дәрмек табылды
фото: Қазақстан ҰҚК

"ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысының "Алтынкөл" теміржол өткізу пунктінде дәрі-дәрмектердің ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кесті", - деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.

Шығу тегі белгісіз 80 000 ампула мөлшеріндегі ілеспе құжаттары жоқ дәрілік заттар теміржол контейнерінен табылды.

Фото: Қазақстан ҰҚК

Жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін облыстық экономикалық тергеу департаментіне берілді.

ҚазАқпарат