Жұмабек Тәшенев университетінің тартуы

Жұмабек Тәшенев университетінің тартуы
фото: standard.kz

Бүгінгі таңда білім беру саласы заман талабына сай жаңа мүмкіндіктерге ие болып отыр. Соның арқасында ЖОО құрылымдық, ұйымдастырушылық, идеологиялық, құндылық сипаттамалары өзгере бастады.

Жоғары білім беретін оқу орындары қоғамның кәсіптік білім беру сапасына қойылатын талаптарын ескере отырып, жастарды оқыту тәсілін үздіксіз жаңартуға тырысып келеді. Бұл өз кезегінде әрбір университетті  бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жаңа көздерін табуға итермелейді.

 Шымкент қаласында орналасқан Жұмабек Тәшенев атындағы университет те жаңа уақытқа лайық жаңа келбетке, жаңа сипатқа ие болды.
Құрылғанына ширек ғасырдан асқан білім ордасы тарихы мен дәстүрі қалыптасқан жеке жоғары оқу орындарының біріне айналды.

Жақсы жаңалық –биыл Tashenev University-нің Қабылдау комиссиясы шешімімен жоғары бал жинаған талапкерлерге «ТӘШЕНЕВ ТАРТУЫ» білім гранты тағайындалады.

Конкурсқа құжаттар тамыздың 5-20 күндері аралығында қабылданады. 

Комиссия құрамына факультеттердің арнайы мамандары, тәжірибелі оқытушылар және декан орынбасарлары енгізілген. Олар кәсіби бағыт-бағдар, кеңес беру және бакалавр, магистратура бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Комиссия мүшелері талапкерлерге онлайн және офлайн форматта сапалы әрі жедел қызмет көрсетеді. 

Тәшенев университетіне оқуға түскісі келетін талапкерлерге қойылатын негізгі талаптар:

1. ҚР Ұлттық тестілеу орталығы өткізген тестті тапсырған және мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысқан болуы міндетті.

2. Бірыңғай ұлттық тестілеуден (ҰБТ) бес пәннің жиынтығы бойынша жоғары балл жинауы керек;

3. Конкурста ауылдық жерлерден қатысушыларға басымдықтар беріледі.

4.Мектептің 10-11 сыныптарында пәндік олимпиадалар мен түрлі байқауларда республикалық, халықаралық деңгейде жетістігі болып, шығармашылық емтихандар тобына кірмейтін білім беру бағдарламалары бойынша жоғары жинаған талапкер;

 Нәтижесі арнайы құрылған конкурстық комиссияның шешімімен анықталады.

 Ескерту: Егер, бөлінген орындарға конкурс болған жағдайда үміткерлердің ҰБТ балы тең болса, оның аттестаттағы үлгерімінің ортақ балы ескеріледі.

 Талапкерлер оқу ордасындағы мамандықтар туралы толық ақпаратты tashenev.edu.kz сайтынан таба алады. Сондай-ақ ең қажетті әрі маңызды ақпараттар универсиеттің ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларында күнделікті жарияланып отырады.
Айта кетейік, Тәшенов университеті – көпсалалы жоғары оқу орны. Бүгінде университет 36 білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр, 10 білім беру бағдарламасы бойынша магистратура бағытында елімізге аса қажетті мамандар дайындайды.

 Байланыс телефоны: 8776 465 11 80