СІМ қазақстандықтарға Бангладешке барудан уақытша бас тартқан жөн екенін ескертті

СІМ қазақстандықтарға Бангладешке барудан уақытша бас тартқан жөн екенін ескертті
фото: https://www.istockphoto.com/

СІІМ қазақстандықтарға бұл елге барудан уақытша бас тартуды ұсынды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Бангладеш Халық Республикасына сапарға шығуға қатысты ұсынымын жариялады.

«Бангладеш Халық Республикасындағы қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ҚР азаматтарына аталған елге ахуал тұрақтанғанға дейін барудан уақытша бас тартуды ұсынады», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Бангладеште жүрген Қазақстан азаматтарынан аса қажеттілік болмаса тұрып жатқан жерлерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, жаңалықтар қадағалауды және биліктің ұсынымдарын орындауды, сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Бангладеш Халық Республикасындағы қызметін қоса атқарушы Үндістан Республикасындағы Елшілігімен тұрақты байланыста болуды сұраймыз, деп хабарлады СІМ.

Қосымша және жедел ақпарат алу үшін Бангладеште жүрген ҚР азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары төмендегі байланыс нөмірлер арқылы шұғыл хабарласа алады.

ҚР СІМ-нің байланыс нөмірлері: +7 (7172) 720111 (кезекші дипломат) +7 705 443 33 32 (ұялы телефон, WhatsApp) Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігінің байланыс нөмірлері: +91 1145 555 106 +91 9667 118 363