фото: © Photo : Қазақстан ТЖМ
Қостанай облысында құтқарушылар 19 адамды балшықтан алып шықты, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Сенбі күні түнде жауған қатты жаңбыр топырақты шайып кетіп, салдарынан Новое Завидное көлінде демалып жатқан қостанайлықтар балшыққа батып, көліктері тұрып қалған.
Құтқарушылар 7 жеңіл автокөлікті сүйреп алып шықты.
"Құтқарылған 19 адам, оның ішінде үш бала Қостанайға оралды. Оларға медициналық көмектің қажеті болмады", - деді ведомство.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через