Қазақстанда АЭС-ті қай ел салуы мүмкін

Қазақстанда АЭС-ті қай ел салуы мүмкін
фото: pixabay.com

Бүгін Үкімет отырысында «Қазақстанның атом электр стансасы» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин АЭС құрылысына қатысты шорт-парақшаға қай елдер кіргенін атады; деп жазды kaz.inform.kz. 

«2019 жылы біз ең озық шетелдік атом технологияларын жеткізушілерден міндетті емес техникалық-коммерциялық ұсыныстарды алу бойынша маркетингтік процедураны жүргіздік. Нәтижесінде Қытайдан, Оңтүстік Кореядан, Ресейден, Франциядан және АҚШ-тан 6 вендордан 13 заманауи реактор жобасын алдық. Ұсынылған технологияларды алдын ала бағалау үшін әлемдік тәжірибе мен МАГАТЭ ұсынымы негізінде өзіміздің бағалау жүйемізді әзірледік. Оны Францияның танымал Assystem инжиниринг компаниясы мақұлдады», - деді ол. 

Тимур Жантикиннің дерегінше, осыдан кейін 4 жеткізуші шорт-парақшаға енгізілген:

 PR1000 реакторымен қытайлық CNNC компаниясы;

 APR1000 және APR1400 реакторларымен корейлік KHNP компаниясы;

 ВВЭР-1200 реакторымен ресейлік Росатом компаниясы;

 PR1200 технологиясымен франциялық EDF компаниясы.

«Серіктестер ұсынысы негізінде технологияларды таңдаудан бөлек жобаның шамамен құны, оның мерзімі, қаржыландыру әдістері мен көздері туралы түсінік қалыптасты», - деді серіктестік бас директоры.