фото: https://pixabay.com/ru/
Петропавлдық Павел мен Татьяна Култышевтің отбасында қыз бала дүниеге келді, бұл отбасындағы 19-шы бала.
Салмағы 4 250 грамм және бойы 56 сантиметр болатын нәрестені үйде 10 ағасы мен 8 әпкесі күтіп алды. Татьяна босанғанда күйеуі серіктес болған. Облыстық перинаталдық орталықтың мәліметінше, Татьяна мен сәбидің денсаулығы жақсы.
Павел мен Татьяна 2000 жылы үйленген. Олар шіркеуде кездескен, ол кезде Павел 22 жаста, ал Татьяна 19 жаста болған. Отбасында қанша бала болатыны туралы ерлі-зайыптылар талқыламаған.
Татьяна тұңғыш баласын 20 жасында дүниеге әкелген. Қазір отбасының тұңғышы 23 жаста. Олар туралы сюжеттер түсіріліп, мақалалар жазылды. Sputnik Қазақстан олар туралы бірнеше рет жазды, соның бірі 2022 жылы - отбасында 18-ші бала дүниеге келген кезде жарыққа шықты.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через