Паралимпиада-2024: Қазақстан құрамасы жарыс жолын жеңіспен бастады

Паралимпиада-2024: Қазақстан құрамасы жарыс жолын жеңіспен бастады
фото: https://ulyssport.kz/news/

       Пара таеквондодан 54 кг салмақ дәрежесіндегі Милана Красавцева ширек финалға жолдама алды

       Қазақстан құрамасының ойыншысы Милана Красавцева ширек финалға өтті, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.

       Пара таеквондодан 54 кг салмақ дәрежесіндегі (К44 класс) Милана Красавцева іріктеу кезеңінде Доминикан спортшысы Геральдо Диаспен кездесті.

       Негізгі жекпе-жек 8:8 есебімен тең аяқталды. Қосымша раундта Милана 10:8 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.

       Келесі кезеңде біздің спортшы мексикалық Джессика Гарсия Куиджаномен кездеседі.

       Айта кетейік, Парижде Паралимпиада ойындары басталды. Жарысқа 4400-ден астам спортшы қатысады. Оларға 2500 адам көмектеседі. Сайыс бағдарламасына 22 спорт түрі мен 549 дисциплина енген. Ал ойындар 11 күнге жалғасады.

       https://sputnik.kz/