Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мобильді қосымша іске қосылады

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мобильді қосымша іске қосылады
фото: https://pixabay.com/ru/

Ата-аналар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелері бойынша тәулік бойы әдістемелік және психологиялық көмек ала алады

Ата-аналарға балаларды ерте жастан күту және дамыту бойынша консультациялық көмек көрсету үшін "Беске дейін үлгер" мобильдік қосымшасы іске қосылады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

"Мобильді қосымша үйде бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға денсаулық, тамақтану, тәрбие, дағдыларды қалыптастыру мен дамыту және өзара қарым-қатынас құру бойынша қолжетімді ақпарат ұсынады", - дейді ведомство.

Қосымшаның мазмұны әлемдік институттардың нейробиологиялық зерттеулерінің ғылыми деректері негізінде әзірленген және біздің мәдени-тарихи құндылықтар ескерілген.

"Қазіргі уақытта қосымша Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының мектепке дейінгі ұйымдарымен бірлесіп пилоттық режимде сынақтан өтуде. Оны толық масштабтау қараша айында жүзеге асырылады. Сондай-ақ оның мазмұны сабақтарға арналған идеялар мен практикалық кеңестер ұсыныла отырып, консультациялық орталықтарда пайдаланылатын болады", - деді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.

Айта кету қажет, мобильді қосымша мектепке дейінгі ұйымдардың консультациялық пункттерінде қолжетімді болады. Ата-аналар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелері бойынша тәулік бойы әдістемелік және психологиялық көмек ала алады.

ҚазАқпарат