Төтенше жағдай министірлігі автокөлікті өрттен қорғау үшін көлік иелеріне келесі шарттарды орындау қажет екенін ескертті.
Көлікті өрттен қорғау ережелері:
- техникалық байқаудан уақытында өту;
- электрониканы тек мамандандырылған орталықтарда орнату;
- әрқашан жарамды өрт сөндіргішті көлік салонында ұстау;
- қозғалтқыштың отын аппаратурасының жарамдылығын бақылау;
- көлікте бөгде, тез тұтанатын заттарды ұстамау;
- жанар-жағармай материалдарын тек герметикалық ыдыстарда тасымалдау.