фото: © Photo : Viktor Frolov/IViS DVO RAN
Ресейдің Камчатка аймағында Шивелуч жанартауының атқылауынан кейін күші 7 балдық күшті жер сілкінісі болды. Табиғаттың тосын құбылысының әсерлі көрінісін суреттер топтамасынан тамашалаңыздар.
Шивелуч жанартауы - Камчаткадағы ең үлкен жанартаулардың бірі.
Шивелуч жанартауы жиі атқылайды. Ең күшті атқылау 1964 жылы болды, жанартау бір жыл бұрын да оянған.
Суретте: Шивелуч жанартауының атқылауы. © Photo : Viktor Frolov/IViS DVO RAN
Шивелуч жанартауы жиі атқылайды. Ең күшті атқылау 1964 жылы болды, жанартау бір жыл бұрын да оянған.
Жанартау атқылау кезінде жанартаулық найзағайлар көп болды. Бұл өте сирек кездесетін құбылыс.
© AP Photo / IVS FEB RAS
Жанартау атқылау кезінде жанартаулық найзағайлар көп болды. Бұл өте сирек кездесетін құбылыс.
Жанартау атқылауы салдарынанүлкен бұлт пайда болды. Күл түріндегі бұлт жолдардың бірін басып қалды.
© Photo : Viktor Frolov/IViS DVO RAN

Қазір атқылау аймағында күлдің көптігінен айналаны көру өте қиын. Жергілікті авиация үшін "қызыл код" енгізілді, яғни бұл мұнда ұшу қауіпті дегенді білдіреді.

Шивелуч жанартауының атқылауы түбекте 18 тамызға қараған түні басталған. Күл бағанасы 12 шақырым биіктікке көтерілді, оның жанартаудан таралуы бір жарым мың шақырымнан астам қашықтыққа созылды.

Шивелуч жанартауы Ключи ауылынан солтүстікке қарай 50 шақырым жерде, Петропавл-Камчатсктен 450 шақырым жерде орналасқан. Ол үш негізгі құрылымды қамтиды: Ескі Шивелуч жанартауы, ежелгі кальдера және қазір атқылап жатқан Жас Шивелуч жанартауы.
© Photo : U. Demyanchuk/IViS DVO RAN
Шивелуч жанартауы Ключи ауылынан солтүстікке қарай 50 шақырым жерде, Петропавл-Камчатсктен 450 шақырым жерде орналасқан. Ол үш негізгі құрылымды қамтиды: Ескі Шивелуч жанартауы, ежелгі кальдера және қазір атқылап жатқан Жас Шивелуч жанартауы.
Туристерге атқылап жатқан жанартауға жақындамау және бұл құбылысты қауіпсіз қашықтықтан бақылау жөнінде ескертілді.
© Photo : Viktor Frolov/IViS DVO RAN
Туристерге атқылап жатқан жанартауға жақындамау және бұл құбылысты қауіпсіз қашықтықтан бақылау жөнінде ескертілді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через