фото: pixabay.com
Еліміздегі шетелдік университеттердің филиалдарында білім алған отандық және шетелдік студенттердің білім алуға қатысты құқығы мен міндеттері тең.
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есінбаева мәлім етті, деп жазды kaz.inform.kz.
«Елімізде филиалдары ашылып жатқан шетелдік университеттер әлемнің үздік 500 университеті рейтингісіне, кейбірі ТОП-100 тізіміне кіреді. Сондықтан филиалдар жоғары оқу орындарын саралаудың ұлттық жүйесіне кірмейді. Жалпы қазақстандық ЖОО-да болсын, шетелдік университеттердің филиалдарында болсын, студенттер үшін білім алу тең құқықтар мен міндеттерді көздейді. Грант иеленген студенттер оқуын аяқтаған соң белгілі бір мерзім Қазақстанда (мемлекеттік кәсіпорындарда немесе жеке секторда) жұмыс істеу талабы қойылады», - дейді Жанна Есінбаева агенттік жолдаған сауалға жауап бере отырып.
Оның айтуынша, ақылы негізде оқыған түлектерге елімізде белгілі бір мерзімде жұмыс істеу міндеті жүктелмейді. Министрліктің мәліметіне сүйенсек, мемлекеттік білім беру тапсырысы жоспарына сәйкес 2024-2025 оқу жылына шетелдік университеттер филиалдарында білім алатын студенттерге жалпы саны 1635 мемлекеттік грант бөлінді.
2025-2026 оқу жылына – 1585, 2026-2027 оқу жылына – 1335 грант бөлу жоспарланып отыр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через