фото: https://pixabay.com/ru/
Елде биылдыққа электросамокаттардың қатысуымен 83 жол бойы апаты тіркелген.
Салдарынан 2 адам опат болып, 80-і жарақат алды. Ішкі істер министірлігінің дерегі осындай. Былтыр мұндай 285 апат болған. Ол кезде 8 мыңдай самокат жүргізуші жауапқа тартылған. Қауіп күшейген соң мопед, самокаттарға қатысты ережеге өзгеріс енгізілді. Олардың жолдағы жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспауға тиіс. Ал жүргінші жолына шықса, сағатына 6 шақырым жылдамдық деп белгіленген. Әрі бұл көлік түріне жолдың оң жақ шетімен жүруге рұқсат етілген. Бірақ жүргізушісі 18 жастан асқан болуы тиіс. Әрі арнаулы киім киіп жүруге міндетті. Жүргізуші куәлігі де болуы шарт.
https://24.kz/kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через