фото: pixabay.com
Алпауыт елдердің адамға күлкі туғызатын заңдары да болады. Өзге мемлекетке бара қалсаңыз, сол елдің кейбір оғаш заңдарын да біліп алғаныңыз жөн, деп жазды qamshy.kz.
Алпауыт елдердің адамға күлкі туғызатын заңдары да болады. Өзге мемлекетке бара қалсаңыз, сол елдің кейбір оғаш заңдарын да біліп алғаныңыз жөн.
Әлемнің ең күлкілі заңдары
Жаңа Шотландияда жаңбыр жауып тұрған кезде көгалдарды суаруға тыйым салған.
Англияда төсек орындарын терезеден іліп қоюға тыйым салынған.
Канада аумағындағы Квебек аймағында сары түсті маргарин сатуға тыйым салынған.
Арканзастың заңы тіпті қызық. Ол адамға емес, табиғатқа бағытталған. Арканзас өзеніне деңгейі Литтл Рок көпірінен асып кетуге жол берілмейді.
Фото pixabay.com.
Ең заңға бағынатын өзен –Арканзас Ривер
Италияның Милан қаласында жерлеу салтында және ауыру кісінің көңілін сұрағаннан басқа уақытта барлық халықтың жүзінен күлкі табының білініп тұрғаны заңмен бекітілген. Осы мемлекетте Мария есімді әйел жергілікті заңға сәйкес жезөкшелікпен айналысуға құқысы жоқ.
Сингапурда адам үш рет қоқыс тастап ұсталынса, заң бұзушы жексенбі сайын көшені жуып, «Мен қоқыс тастадым» деген жазуы бар тақтайшаны мойнына іліп жүруі тиіс. Онымен қоса, мұндай жазалар жергілікті телеарналардан көрсетілетін болады.
АҚШ-та бір үйде 6 қыздан артық адам тұруға болмайды.
Фото pixabay.com.
Әлемдегі ең қисынсыз заңдар
Бұл Оңтүстік Кореяның заңын Қазақстанда ешқашан кездестірмейтінің анық. Ол жақта жол полицейлері алған параларын басшылыққа хабарлап отыруы міндетті.
Данияда қылмыскерлер заң жүзінде түрмеден қашып кетуіне болады. Әрине, оларды ұстап алады, бірақ қашқаны үшін ешқандай жаза қолданылмайды.
Канададағы Альберта аймағында түрмеден босатылған қылмыскерлерге жылқы мен оқталған тапанша береді. Бұл олардың қаладан кетіп қалуы үшін жасалған.
Ал, Айдахода түйеге мініп, балық аулауға тыйым салынған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через