Астанада тағы бір Bus Lane жолағы пайда болады

Астанада тағы бір Bus Lane жолағы пайда болады
фото: https://www.istockphoto.com/

       Елордада тағы бір Bus Lane жолағы пайда болады. Бұл туралы қала әкімдігі айтты.

       20 тамыз күні елордада тағы бір Bus Lane жолағы Әл-Фараби даңғылының Ұлы дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралығында, екі бағытта іске қосылады.

       Қазіргі уақытта бұл аудан - қарқынды өсіп келе жатқан аудандардың бірі. Бұл көшемен 5 бағдар (№ 15, 28, 35, 58, 84) бойынша күніне 80 автобус жүреді.

Bus Lane жолағы жедел жәрдем қызметі, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру көліктерінің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қоғамдық көліктер қозғалысының жол жүру уақытын, аралықты, аялдамаларда жолаушылардың автобустарды күту уақытын қысқартуға ықпал етеді, - делінген әкімдік хабарламасында.

       https://baq.kz/