Астана және Алматыда 3 ірі есірткі зертханасы жойылды

Астана және Алматыда 3 ірі есірткі зертханасы жойылды
фото: © Photo : ҰҚК баспасөз қызметі

Астана және Алматы қалаларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірлесіп, прокуратура органдарының үйлестіруімен 3 ірі есірткі зертханасын жойды.

Аталған қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстанның 8 азаматы ұсталып, қамауға алынды.

"Тінту барысында 93 кг-нан астам синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 кг прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды", - деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тәркіленген есірткінің құны "қара" нарықта 2 млрд теңгеден асуы мүмкін.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

ҚазАқпарат