фото: pixabay.com
Лос-Анджелес 2028 жылғы Жазғы Олимпиаданы автокөліксіз өткізбек. Бұл туралы қала мэрі Крен Бастың мәлімдемесіне сілтеме жасап, 24kz. жазды.
«Бұл кептелістен қашу үшін қажет», — дейді ұйымдастырушылар.
«Көрермендер Олимпиада нысандарына қоғамдық көлікпен жетуге тиіс. Осы мақсатта жаңа 3 мың автобус пайдалануға беріледі. Сондай-ақ қашықтан жұмыс істеуге басымдық жасалады. АҚШ үкіметі Лос-Анджелестің транспорттық жағдайын жақсарту үшін 900 млн доллар бөлуге уәде берді», — делінген хабарламада.
Париж Олимпиадасында 39 алтын, 27 күміс, 24 қоланы Қытай еншілеп, көш бастаған. Ал 38 алтын, 42 күміс, 42 қолаға қол жеткізіп, екінші орынға жайғасқан АҚШ мемлекеті болды. Үштікті Австралия мемлекеті қорытындылады. Елдің қоржынында 18 алтын, 18 күміс, 14 қола бар.
Ал Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында жүлдегерлер кестесінде 43-ші орынға жайғасты. Ел спортшылары 1 алтын, 3 күміс, 3 қоланы қанжығалады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через