фото: Midjourney
Жасөспірім қызға аю шапты. Оқиға мақұмның сүйіктісінің көз алдында болған.
Румынияда қайғылы оқиға болды. Бучеджи тауларында 19 жастағы Мария Дианаға аю шабуыл жасаған. Қыз бен жігіті Спумоаса сарқырамасына шығып бара жатқанда, соқпақтан аю пайда болған.
Диана құтқару қызметіне хабарласып үлгерген, бірақ аюдың жақындағанын хабарлаған сәтте жануар оның аяғынан ұстап, 120 метр биіктіктегі жардан лақтырып жіберген. Құтқарушылар қыздың жарақаты ауыр болғанын және тірі қалмағанын растады.
Диананың жігіті оқиғадан зардап шекпегені айтылды. Ол аюды қорқытпақ болғанын, бірақ нәтиже болмағанын айтты.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар қыздың денесін айналып жүрген аюды байқаған. Жануар агрессия көрсетіп, құтқарушыларға шабуыл жасамақ болған, сондықтан оны атуға тура келгені айтылды.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через