Жамбыл облысының тұрғыны үйінің ауласын есірткі плантациясына айналдырған

Жамбыл облысының тұрғыны үйінің ауласын есірткі плантациясына айналдырған
фото: https://pixabay.com/ru/

Жамбыл облысында полицейлер "Қарасора-2024" жедел алдын алу шарасы аясында есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру фактісін анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.

Қарасора мен көкнәр өсірді деген күдікпен 61 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

"Жеке тұрғын үйдің бақшасында 37 түп қарасора, 1520 түп көкнәр өсімдігі анықталды", - делінген хабарламада.

Барлығы 100 келіден астам есірткі заты тәркіленді, оның ішінде көкнәр – 54 кг, марихуана – 53 кг.

"Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Жамбыл облыстық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Қарасора-2024" ЖАШ аясында есірткіні заңсыз өсіруді анықтау, ұйымдасқан қылмыстық топтарды және есірткі зертханаларын жою жалғасады", - деді облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының басшысы Әлім Бәжікбаев.

ҚазАқпарат