фото: ТЖД баспасөз қызметі
Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Ақбұлым ауылында КС-5 қосалқы трансформатор станциясының шатыры өртенді. Өрттің жалпы аумағы – 240 шаршы метр, деп жазды kaz.inform.kz.
«Өрт салдарынан ауылдағы 180 абонент, оның ішінде біреуі әлеуметтік нысан электр жарығынсыз қалды. Сағат 10.45-те тұтанған өрт сағат 11.43-те сөндіріліп, 12.45-те электр энергиясы қайта берілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өртті жоюға барлығы 28 өрт қызметкері мен 7 техника жұмылдырылды», – делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан релизде.
Фото: ТЖД баспасөз қызметі
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через