фото: pixabay.com
Алаяқтардың құрбаны болмас үшін аудиохабарламаларды өшіру керек!
Полицейлер қазақстандықтарға осындай ескерту жасады, деп жазды qazaqstan.tv. Өйткені алаяқтар аккаунттарды бұзып, мессенджерлердегі дыбыстарды пайдалану арқылы жақындарыңыздан ақша сұрайды. Олар сіздің аккаунтыңызбен қоса, аудиодауысыңызды және банк картаңызды емін-еркін қолданып, адамның сеніміне кіреді.
Жамбыл облысында дәл осындай 13 алаяқтық іс тіркелген. Сондықтан смартфоныңыздағы аудио-смс-терді бірден өшіріп, жақындарыңызбен байланыс жасаудың қосымша тәсілін тапқан жөн.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через