фото: https://pixabay.com/ru/
"Біздің әріптесіміз, пеш бастығы Исмайлов Музафар Имантайұлы ауруханада қайтыс болды. Біз Музафардың отбасы мен оның жақындарына осынау қиын сәтте қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Сондай-ақ оның отбасы мүшелерінің осы қиын кезеңнен өтуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", - делінген YDD Corporation компаниясы таратқан ақпаратта.
Көз жұмған 30 жастағы Мұзафар Исмайловтың денесін 85% күйік шалған.
"YDD Corporation жерлеуді ұйымдастыру бойынша барлық шығындарды өз мойнына алады және отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді. Оның отбасының барлық несиелері жабылады, сондай-ақ тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмек жасалады. Сонымен қатар компания отбасын қолдау үшін 10 жылдық жалақы мөлшерінде қаржылық көмек төлейді", - делінген хабарламада.
Компания сондай-ақ барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді жалғастырады.
Еске салсақ, Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болды. Пештен өрт шығып, салдарынан 8 адам жарақат алды. Кейін зардап шеккен 8 адамның алтауы жансақтау бөліміне түскені белгілі болды.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через